Білім • Бүгін, 07:48

Елеулі өзгеріс – озық технология

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жаңа оқу жылы Шығыс Қазақстан облысында елеулі өзгеріс­термен бас­талды. Өңірде заманауи білім инфрақұрылымын қалып­тастыруға қарқынды инвес­тиция жасалып жатыр. Жаңа мектептер салынып, цифрлық технологиялар енгізілді. Бұл туралы Білім басқармасы басшысының орынбасары Әлима Ақылбек мәлімдеді.

Елеулі өзгеріс – озық технология

Суретті түсірген – автор

«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында облыста 3 000 орынға арналған 6 заманауи мектеп салынды. Бұл білім ошақтары инклюзивтілік пен цифрландыру талаптарына сай келетін соңғы технологиялармен жабдықталған. Сонымен қатар Өскемен қаласындағы Есенберлин көшесінде орналасқан тағы бір мектеп білім басқармасының балансына беруге да­йын тұр.

Бұдан бөлек, Зайсан қаласында 300 орындық жаңа мектеп Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры­ның қаражаты есебінен бой көтерді. Мек­тептің есігі 1-қыркүйекте оқушы­ларға айқара ашылды.

Өңірдегі 347 мектептің барлығы интернет желісіне қосылған. Оның ішінде 170 мектепте «Starlink» жүйесі негізінде қанатқақты жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл білім платформалары мен цифрлық ресурстарға тұрақты қолжетімділікті қамтамасыз ететін жаңа шешім.

Барлық мектепте бейнебақылау мен кіруді бақылау жүйелері орнатылған. Сонымен қатар «Әлеуметтік әмиян» жобасы іске асырылып жатыр. Яғни ата-аналарға балалардың ас мәзірін қадағалап, жеткізушілерге есептілікті ашық жүргізуге мүмкіндік беретін аппараттық-бағдарламалық кешен. Жаңа оқу жылында мұндай жүйе 108 мектепте жұмысын бастайды. Ал 191 мектеп «Бизнес әмиян» мобильді қосымшасына қосылған.

Биыл 488 млн теңгеден астам сомаға 40 заманауи пәндік кабинет (химия, физика, биология, STEM, роботтехника) сатып алынды. 2026 жылы тағы 35 жаңа буын кабинетін ашу жоспарланып отыр.

2026 жылға қарай облыста тағы 3 жаңа мектеп салу, 12 мектепті күрделі жаңғырту көзделген. Бұл жұ­мыс­ шағын қалалар мен ауыл­дар­дағы 50 білім мекемесін қамтитын болады. 2025 жылы өңірдегі 92 білім нысанын жөндеуге 2,7 млрд теңге бөлінді. Қазіргі таңда оның бір бөлігі аяқталды, қалғаны жоспарға сай жалғасады.

 

Шығыс Қазақстан облысы