
фото: Денсаулық сақтау министрлігі
Орталықтың кардиохирургі Асылбек Қонысовтың айтуынша, 1206 диагностикалық операция жасалған. Ал жүрекке жасалған ашық отаның саны – 227. Сондай-ақ жоғары технологиямен, инвазиві аз ота 937-ні құраған.
«Шағын тілік арқылы жасалатын ота науқастың жүрек ауруынан тез сауығып, қалыпты өмірге оралуына мүмкіндік береді. Жүрек ауруының негізгі себебі қан тамырларына ақуыз бен майдың жиналуынан туындайды. Мұндай дерттің алдын алу үшін әр адам учаскелік дәрігерге қаралып, кардиологтің кеңесіне жүгінгені жөн», дейді Асылбек Қонысов.