Аймақтар • Бүгін, 15:32

Қарағандыда көпқабатты үйдің шатырында ойнаған жасөспірім іздестіріліп жатыр

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында полицейлер көпқабатты тұрғын үйдің төбесінде белгісіз жасөспірімнің кірпіштерді қалап қойғанын байқаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағандыда көпқабатты үйдің шатырында ойнаған жасөспірім іздестіріліп жатыр

Мұндай әрекет азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді.

«Аталған дерек бойынша құқықбұзушының жеке басын анықтау шаралары жүргізілуде. Ол белгілі болғаннан кейін, жасөспірімнің ата-анасы бала тәрбиесіне тиісті дәрежеде көңіл бөлмегені үшін заңда көзделген жауапкершілікке тартылады», деп мәлімдеді Қарағанды облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қарағанды облысы