
Айта кетейік, 8 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында елде парламенттік реформа жүргізуді ұсынған болатын.
Президент қос палаталы құрылымнан бір палаталы жүйеге көшу мәселесін көтеріп, мұның аса маңызды қадам екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл мәселе асықпай, кеңінен талқылануы тиіс. 2027 жылы бұл тақырып бойынша референдум өтуі ықтимал.