Спорт • Бүгін, 21:23

«Атырау» футбол клубына жаңа директор тағайындалды

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Атырау» облыстық футбол командасы» ЖШС-нің директоры қызметін Қуандық Жақлияев атқаратын болды, деп жазады Egemen.kz.

«Атырау» футбол клубына жаңа директор тағайындалды

Қуандық Қалбайұлы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін бітірген. Еңбек жолын 2002 жылы Қ.Сәтбаев атындағы орта мектепте мұғалім болып бастаған. Аталған білім ордасында 2012 жылдың соңына дейін жұмыс істеген.

Ал 2013-2017 жылдары «Атырау» футбол клубында балалар мен жасөспірімдер жаттықтырушысы болып, клубтың футбол орталығын басқарған. Кейін 4 жыл мұнайлы шаһар маңындағы Геолог және Ақсай ауылдық округінің әкімі, Атырау қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы болған. Бұдан соң облыстық ішкі саясат басқармасына қарасты мекеме басшысы қызметін атқарған.

Оның шәкірттері футболдан Қазақстан ұлттық құрамасына шақырылып, Премьер-лига клубтары сапында ойнап жүр.