
Жоспар бойынша жыл сайын:660 мың тонна аммиак, 577,5 мың тонна карбамид және 500 мың тонна аммиак селитрасы өндіріледі.
Кешенді 2029 жылы іске қосу көзделген. Құрылыста шамамен 1 500 адам жұмыс істесе, пайдалануға берілген соң 700 тұрақты жұмыс орны ашылады.
Жобаға АҚШ, Қытай, Жапония және Испаниядан серіктестер тартылады. Өнім ішкі нарықтан бөлек Орталық Азия, Еуропа және Таяу Шығыс елдеріне экспортталмақ.
Кәсіпорынның басты ерекшелігі – экологиялық тиімділігі. Мұнда шығарындыларды азайтатын заманауи технологиялар және суды қайта айналымда пайдалану жүйесі қолданылады. Бұл шешімдер қоршаған ортаға түсетін әсерді азайтады.
«КазАзот» АҚ - аммиак, азот қышқылы мен аммиак селитрасын өндіретін елдегі жетекші химия кәсіпорны. Шикізат көзі - Шағырлы-Шомышты газ кен орны. «KazAzot Prime» іске қосылған соң, компанияның өндірістік қуаты артып, Қазақстанның әлемдік тыңайтқыш нарығындағы позициясы нығая түспек.