Дін • Бүгін, 11:15

VIII Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі жаңа форматта өтеді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Астанада өтетін VIII Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі бұрынғыдан да мазмұнды форматта ұйымдастырылып жатыр. Жаһандық деңгейдегі беделді діни қайраткерлер мен саясаткерлерді тоғыстырған форум қазіргі кезеңдегі ең өзекті мәселелерді талқылауға арналады, деп хабарлайды Egemen.kz.

VIII Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі жаңа форматта өтеді

Фото: pixabay.com

Съезд діндер арасындағы тікелей диалог пен сенімді нығайтуға бағытталған. Қатысушылар пандемиядан кейінгі кезеңде және жаңа геосаяси сын-қатерлер жағдайында адамзат алдындағы жаһандық міндеттерді шешудің ортақ жолдарын қарастырады.

Форумға Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы Мұхаммед бен Абдулкарим әл-Иса, Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Кирилл, Иерусалим Патриархы Феофил ІІІ, Израильдің бас раввиндері, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Мигель Анхель Моратинос және өзге де әлемдік деңгейдегі лидерлер жиналады.

Съезд жұмысына төрт секциялық отырыс, діндер диалогына арналған пленарлық мәжілістер, БҰҰ Өркениеттер альянсының діни нысандарды қорғау жөніндегі арнайы сессиясы және жас діни көшбасшылардың II форумы енді. Сонымен қатар, сараптамалық дөңгелек үстелде ғылым мен діни дипломатияны ұштастыру мәселелері талқыланады.

Форум аясында Есіл жағасында Бейбітшілік пен келісім саябағы ашылады. Оның орталығында орналасқан «Өмір ағашы» монументі өткен, бүгін және болашақты сабақтастыратын символ ретінде ұсынылады. Бұған қоса, «Турин плащаницасы» мен «Қасиетті кітаптар» көрмелері ашылып, Құран, Тәурат, Інжіл, будда жазбалары сынды сирек жәдігерлер көпшілік назарына көрсетіледі.