
Фото: Ашық дереккөз
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 16 қыркүйек күні таңғы сағат 09:00 шамасында болған.
«Оқиға орнында жол қозғалысы жағдайына байланысты автобус жүргізушісі мен көлік жүргізушісі арасында жанжал туындағаны анықталды. Көлік жүргізушісі жол қозғалысына кедергі келтіріп, төтенше жағдай туғызғаны үшін, сондай-ақ ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды», делінген хабарламада.