Тарих • Кеше

Мамонттың жілік сүйегі табылды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылжар ауданындағы Бәйтерек ауылының тұрғыны Әсет Шайкин таңғы мезгілде балық аулауға бара жатып, жердің бетіне шығып қалған ұзындығы 1 метрлік аң сүйегін тапты, деп жазады Egemen.kz.

Мамонттың жілік сүйегі табылды

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің профессоры, тарихшы  Анатолий Плешаков оны Қызылжар өңірінде 15 мың жыл бұрын, палеолит дәуірінде өмір сүрген мамонттың сүйегі болар деп болжап отыр.

Осы маңды барлау барысында басқа сүйек табылмаған. Облыс өңірінен бұдан бұрын да аса үлкен аңдардың сүйектері табылған еді.

Солтүстік Қазақстан облысы