
Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев соңғы үш жылда Ырғыз ауданында іске асырылған жобалар жөнінде баяндады. Айтуынша, өңірге 40 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылып, 12 миллиард теңге көлемінде құрылыс жұмысы жүргізілген. Оның дәлелі, жаңадан бой көтерген мектептер мен балабақшалар, жаңартылған жолдар мен инфрақұрылымдар. Ауданда ауыл шаруашылығы мен шағын кәсіпкерлік нысандары бой көтеріп, тұрғындардың тұрмыс деңгейі жақсарған. Тағы бір артықшылығы, кейінгі жылдары ең шалғай ауылдары – Нұра, Аманкөл, Жармаға табиғи газ жеткізілді.
«Күні кеше жарияланған Мемлекет басшысы Жолдауында Үкіметке Астанадан Арқалық, Торғай және Ырғыз арқылы Транскаспий халықаралық көлік дәлізіне тура шығатын автокөлік жолының құрылысын бастауды тапсырды. Бұл бастама – тек инфрақұрылым емес, Ырғыз ауданының дамуына да жаңа тыныс береді», деді өңір басшысының орынбасары.
Іс-шара соңында толықтырылып, қайта шығарылған «Ырғыз» энциклопедиясының тұсаукесері өтті. Іс-шара ұзақ жылдан бері Ырғызда жыл сайын өткізіліп келе жатқан, ел арасында танылмай жүрген талай дәстүрлі әнші мен өнерпаздың бағын ашқан «Аймақты әнмен тербетіп» ән фестивалімен жалғасты. Бұл жолы да оған Ақтөбе облысынан өзге, көршілес облыстардың елді мекендерінен келген әншілер мен күйшілер қатысты.
Ақтөбе облысы