Оқиға • Бүгін, 15:28

Мемқызмет агенттігі HR мамандарына арналған ашық диалог алаңын өткізді

80 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2025 жылдың 17 қыркүйегінде Мемлекеттік қызмет істері агенттігі HR-қауымдастық өкілдері үшін «HR цифрландырудың жаңа тәсілдері» атты Open Day ұйымдастырды. Бұл кездесудің негізгі мақсаты – кадрлық үдерістерді заманауи цифрлық құралдар арқылы жетілдіру мүмкіндіктерін көрсету және мемлекеттік қызмет саласында адами капиталды дамыту бойынша жаңа тәжірибелермен бөлісу болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемқызмет агенттігі HR мамандарына арналған ашық диалог алаңын өткізді

Фото: Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

Шара барысында кадр саясатын автоматтандыруға арналған заманауи платформалар мен мемлекеттік қызметтің аралас (гибридті) моделін қалыптастыруға бағытталған жобалар ұсынылды. Жиынға мемлекеттік және жекеменшік ұйымдардың HR-мамандары, сондай-ақ цифрлық HR-технологияларды енгізу бағытында жұмыс істейтін сарапшылар қатысқан.

1

Агенттік төрағасы Дархан Жазықбай мемлекеттік және жеке сектор арасындағы әріптестікті дамытудың маңыздылығын және HR саласында цифрлық трансформация жүргізудің өзектілігін атап өтті. Ол Президент Жолдауында айтылған бастамалармен толық үндесетінін жеткізді. Нақтырақ айтқанда, Қазақстанды цифрлық мемлекетке айналдыру, жасанды интеллект құзыреттерін дамыту және мемлекеттік институттардың ашықтығы мен тиімділігін арттыру үшін платформалық шешімдер мен үлкен деректерді кеңінен қолдану міндеттері алға қойылып отыр.

2

Кездесу шеңберінде қатысушылар Агенттіктің қызметімен және басым бағыттарымен танысты. Олардың қатарында мемлекеттік қызметке цифрлық форматтағы іріктеу жүйесі, «e-Qyzmet» платформасы және бірыңғай кадрлық жүйе арқылы HR-процестерді автоматтандыру мәселелері болды.

3

Сондай-ақ Президент бастамасымен іске асырылған ауқымды жобалардың бірі – Президенттік жастар кадр резерві таныстырылды. Бұл жоба талантты жастарды қолдау мен мемлекеттік басқару жүйесіне жаңа буын кәсіби кадрларды тартуда маңызды құралға айналып отыр.

Агенттік төрағасының орынбасары Ә.Ғ. Ахмедьяр жиын барысында мемлекеттік қызметті дамытудың 2024–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес әзірленіп жатқан «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның жаңа редакциясының жобасын ұсынды.

Мұндай ашық іс-шаралар кадрлық саясаттың айқындылығын қамтамасыз етіп қана қоймай, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор арасында кәсіби байланыстарды нығайтуға, тәжірибе алмасуға және тиімді диалог орнатуға ықпал етеді.