
Фото: polisia.kz
Топтың төрт негізгі ұйымдастырушысы мен олардың қатысушылары ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.
Олар заңсыз «қызметі» үшін мигранттардан 500 мың теңгеге дейін ақша алып отырған. Тінту кезінде күдіктілерден шетелдік паспорттар, жалған құжаттар, электронды тасымалдаушылар және байланыс құралдары тәркіленген.
Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің екі бабы аясында – «Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру» және «Мемлекеттік шекараны қасақана заңсыз кесіп өту» фактісі негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.