Мәдениет • Бүгін, 09:50

Оперетта театрында «Mamma mia!» сахналанды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театры жаңа маусымды әйгілі «Mamma mia!» қойылымымен бастады. Көпшілікке белгілі спектакльге көзі қарақты көрерменмен бірге облыс басшылығы да келді. Айта кетейік, вице-премьер министр Ермек Көшербаевтың бастауымен құрылған оперетта театрының жұмысы жандана түскен, деп жазады Egemen.kz.

Оперетта театрында «Mamma mia!» сахналанды

Шығыс Қазақстанда өткізіліп жатқан көптеген мәдени іс-шаралардың бірі, бірегейі осы оперетта театрының жұмысы. Осыған дейінгі қойылған қай спектакльді алсақ та, зал лық толып, халықтың қошеметіне бөленіп келеді. Ал, әйгілі швед тобының әндеріне негізделген «Mamma mia!» мюзиклі көрерменге ерекше көңіл-күй сыйлағандай болды. Олай дейтініміз, екі жарым сағатқа созылатын екі бөлімді қойылымды ел табжылмай көріп шықты. Көңілді көріністі бастан аяқ көріп шыққан облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов та оң бағасын беріп, әлеуметтік желіде бөлісіп жатты.

Қаланың қақ ортасындағы көне ғимарат оперетта театры болып ашылғалы мюзиклдер мен оперетталар, опералар мен музыкалық қойылымдар қойылады. Еске салсақ, «Mamma mia!» ең алғаш 1999 жылы Лондонда қойылған. Содан бері әлемнің 50-ден астам елінде көрсетіліп, жүздеген миллион көрерменді тәнті етті. Ең қызығы, Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театрында бұл туынды қазақ тілінде де сахналанған.


Шығыс Қазақстан облысы