Экология • 20 Қыркүйек, 2025

Қарағанды облысының жастары Қарқаралы ұлттық паркін тазалады

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дүниежүзілік тазалық күні аясында Қарағанды облысының жастары Қарқаралы ұлттық табиғи паркінде экологиялық сенбілік өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағанды облысының жастары Қарқаралы ұлттық паркін тазалады

Акцияның басты мақсаты – табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыру және жастардың туған жерге деген жауапкершілігін арттыру.

Шара барысында ерікті жастар орман алқабын тазалап, қоқыс жинауға белсене атсалысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл бастама табиғатты аялауға үн қосып қана қоймай, қоғамда экологиялық мәдениетті нығайтудың маңызды қадамы болып отыр.

– Бірлік пен белсенділік – таза болашақтың кепілі, – дейді қатысушылар.

Экологиялық акция «Таза Қазақстан» ұлттық бастамасының аясында жүзеге асырылып, табиғатты қорғауға деген сүйіспеншілікті арттыруға бағытталды.

Соңғы жаңалықтар

Даланың дәмі бар балмұздақ

Кәсіпкер • Бүгін, 09:15

Шебер тірілткен құнды мұра

Көрме • Бүгін, 09:05

Жарапазан айтып жарысты

Дәстүр • Бүгін, 09:00

Наурыздың рухын асқақтатқан ән

Наурызнама • Бүгін, 08:55

Парасат пен мейірім

Қоғам • Бүгін, 08:50

Америка асқан «Қыз-Жібек»

Таным • Бүгін, 08:45

Өнегелі Ольга

Қоғам • Бүгін, 08:35

Тау көтерген толағай

Қоғам • Бүгін, 08:30

Ұлт тағамын ұлықтаған

Кәсіпкер • Бүгін, 08:20

Жауапты ғұрып

Пікір • Бүгін, 08:10