
Оқиға 22 қыркүйекте таңғы сағат 5:50 шамасында Назарбаев даңғылында тіркелген. Алдын ала деректерге сәйкес, Mitsubishi Lancer жүргізушісі солтүстік бағытта қозғалып келе жатып, көлікті басқара алмай қарсы жолаққа шыққан. Осы сәтте ол Setra маркалы туристік автобуспен соқтығысқан.
Жол апаты салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі жарақат алып, қалалық ауруханаға жеткізілді.
Полиция департаменті бұл факті бойынша тексеріс жүргізіліп жатқанын, оның нәтижесінде жүргізушінің әрекетіне құқықтық баға берілетінін хабарлады.