Есірткі • Бүгін, 15:51

Алматыға АҚШ-тан жеткен есірткі тәркіленді

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде есірткіге есі кеткендер азаймай тұр. Алматы қаласының Есірткі қылмыстарына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері АҚШ-тан келген халықаралық пошта сәлемдемесін тәркіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыға АҚШ-тан жеткен есірткі тәркіленді

Фото: Polisia.kz

Сәлемдеменің ішінен өсімдік тектес есірткі затының көлемді мөлшері табылған. Құзырлы орган өз әрекетін пошта қызметі арқылы іске асырмақ болған күдікті қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді.

«Полиция қызметкерлері тыйым салынған заттардың заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу мақсатында жедел және арнайы іс-шараларды тұрақты түрде жүргізіп отырады. Бұл-жалғыз жағдай емес, мұндай деректер бұған дейін де тіркелген. Осындай құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жүйелі жұмыстарды жалғастырамыз. Заң барлығына бірдей, мұндай әрекеттер үшін жазаның бұлтартпастығы - жұмысымыздың басты қағидаларының бірі»,  дейді Есірткі қылмыстарына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.

Осы ретте мамандар тұрғындарды жол жүрген кезде ішінде не бар екеніне көз жеткізбей өзгенің сәлемдемесін алмауға шақырды.