
Алдын ала мәліметке сәйкес, қайғылы оқиға 23 қыркүйек күні «Павлодар – Қызылорда» автожолында (Павлодар – Астана автобаны), Байет ауылынан бес шақырым жерде болған.
Toyota Lucida автокөлігінің жүргізушісі жолда қауіпсіздікті қамтамасыз етпей, қашықтықты сақтамаған. Соның салдарынан көлік Sitrak жүк көлігімен соқтығысып, жеңіл автокөлік өртеніп кеткен.
Апат салдарынан Toyota-ның жүргізушісі мен төрт жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Полиция департаменті мұндай қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін жүргізушілерге жолда жылдамдық режимін қатаң сақтауды, әсіресе көлік қозғалысы қарқынды учаскелерде ерекше мұқият болуды және автокөліктің техникалық жағдайын үнемі қадағалауды ескертеді.