Өндіріс • Бүгін, 08:40

Қыш зауыты іске қосылды

20 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы Ықыластемір елді мекенінде «Altyn land» ЖШС-нің автоматтандырылған қыш зауыты іске қосылды. Нысан жеке кәсіп­кер­дің қаражаты есебінен салынған. Жоба құны – 2,3 млрд теңге. Өткен жылдың сәуір айында басталған құрылыс жұмысы биыл тамызда аяқ­талған. Жылына 90 млн дана кір­піш шығаратын зауытта 120 жаңа жұмыс орны ашылды.

Қыш зауыты іске қосылды

Кәсіпорында озық тәжірибе мен жоғары технологиялар негізінде жұмыс істейтін жылжымалы туннельді пеш жүйесі қолданылады. Жоба соңғы үлгідегі инновациялық технологиямен жабдықталған. Өндіріс үдерісі толығымен авто­маттандырылған. Зауыт эко­логиялық жағынан да тиімді. Кір­піш күйдіру үшін газ пай­дала­ны­лады. Бұл атмос­фе­раға бөлі­нетін зиянды қалдықтардың мөл­шерін азайтып, қоршаған ортаға түсетін салмақты жеңілдетеді.

– Мемлекет басшысы «Жергі­лікті өнім өндірушілердің әлеуетін барынша пайдалану маңызды. Мемлекет отандық өнім өндіру­шілерді қолдайды», деп атап өткен еді. Бұл бағытта Түр­кістан облысында жүйелі жұ­мыс атқарылып жатыр. Бүгін­де  қысқа мерзімде салынып, іске қосылған зауыттың нақты өні­мін көріп отырмыз. Бұл – жер­гі­лікті атқарушы органның, инвесторлардың және барлық мүдделі тараптың тиімді іс-қимылының нәтижесі. Өндіріс шағын және орта бизнестің дамуына, салық түсімдері мен жергілікті бюджеттің нығаюына үлес қосады. Кәсіпорын облы­сымыздағы құрылыс сала­сының дамуына серпін бере­тін маңызды нысан болатынына сенімдімін. Осы бағыттағы жобаларға облыс әкімдігі тарапынан алдағы уақытта да жан-жақты қолдау көрсетіледі, – деді облыс әкімі Нұралхан Көшеров.

а

Осы аудандағы Қарақұм ауылында суару жүйелеріне арнал­ған параболалық бетон лотоктар шығаратын өндіріс те іске қосылды. «Тұран су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны базасында іске қосылған өндіріс орны шығаратын параболалық лотоктардың каналдарға орнатылуы су шығынын 40%-ға дейін азайтуға мүмкіндік береді. Жаңа өндіріс алаңында тәулігіне 45 дана параболалық бетон лоток жасалады. Жоба құны – 350 млн
теңге.

Зауытта 20 тұрақты жұмыс орны құрылды. Лотоктар ЛР6, ЛР8, ЛР10 маркаларында шы­ғарылып, болашақта ішкі на­рықпен қатар Еуропа елдері мен Қытайға экспортталуы  мүмкін. Зауыт бетон араластыру қондырғысы, бу қазандығы, порталды кран, арматуралы сетка тоқу жабдықтарымен то­лық жабдықталған. Өндірілетін құрылғылардың нарықтағы бағадан 20-30%-ға арзан болуы – жергілікті шаруалар мен су шаруашылығы құрылымдары үшін үлкен жеңілдік.

пр

«Тұран су» – стратегиялық нысандарды басқаратын маңыз­ды кәсіпорын. Кәсіпорын тең­герімінде 20 суқоймасы, ­­­­3 су торабы, 1 400 шақырымды қамтитын 110 канал, 3 өндірістік-техникалық база, 81 арнайы техника бар.

Облыс әкімдігінің қол­дауымен су шаруашылығын жаң­ғырту бағытында 3,6 млрд теңгеге 60 арнайы техника сатып алынды, оның ішінде, 24 техника аудан, қала әкімдіктеріне беріліп, 1 200 шақырым каналдар мен қашыртқылар тазаланды. 650 млн теңгеге «Су үнемдеу технологиясы өндіріс желісі» іске қосылды. Ол жылына 9 мың гектар егістікке қызмет көрсетеді.

 

Түркістан облысы 

Соңғы жаңалықтар

2,4 миллиард несие берілген

Шаруашылық • Кеше