Шаруашылық • Бүгін, 03:49

Биыл шымкенттік диқандар қанша өнім алды?

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл Шымкент қаласының диқандары бидайдан гектарына орта есеппен 10 центнерден өнім алды. Жаздың күнгі ыстық пен қуаңшылыққа бидай жақсы шығып қамбаға астық құйылды, деп жазады Egemen.kz.

Биыл шымкенттік диқандар қанша өнім алды?

 

Сонымен бірге шаһар шаруалары майлы дақылдан да жақсы өнімге қол жеткізді. Өткен жылдармен салыстырғанда биылғы гектар берекелілігі әжептеуір болды дейді диқандар. Әсіресе мақсары биыл жылдағыдан көбірек өнім берді.

Мұның барлығы фермерлер айтып өткендей ерте көктемдегі ылғалды тиімді пайдаланудың нәтижесінде мүмкін болды. Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының мәлімдеуінше көктемгі егіс науқанында мегаполис аумағындағы 23 мың гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Олар негізінен арпа, бидай мен майлы дақылдар.

Жалпы 2025 жылы 10.9 мың гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге дәнді дақылдар егілді. Оның 10.3 мың гектары бидай алқабы болса, қалған 0.6 мың гектары арпа егістігі. Ал бүгінге дейін жиналған жалпы ауыл шаруашылығы өнімдері 66 мың тоннаны құрап отыр. 

Соңғы жаңалықтар

Семей-Астана тасжолы тазаланды

«Таза Қазақстан» • Кеше

Жылумен қамту - жауапты міндет

Жұмысшы мамандықтар жылы • Кеше

Алматыда дәмхана өртенді

Төтенше жағдай • Кеше