Теннис • Бүгін, 08:07

Бас жүлде – Бубликте

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен ATP 250 турнирі еліміздің бірінші ракеткасы Александр Бубликтің жеңісімен аяқталды.

Бас жүлде – Бубликте

Сурет: olympic.kz

АТР рейтингінде 19-орында тұрған жерлесіміз алғашқы айналымдарда чехиялық Да­ли­бор Сврчина (6:1, 6:1) мен аустралиялық Александр Вукичті (6:7, 6:4, 6:4) ұтты. Жартылай финалда қытайлық Ибин Вуды (6:3, 6:3) жеңді. Финалда франциялық Валентен Руайемен күш сынас­ты. Өте шиеленісті бәсекенің екі сеті де тай-брейкке ұласты. Екі ретінде де Александр алғырлық танытып, 7:6, 7:6 есебімен жеңіске жетті.

Турнирдің жүлде қоры 1 019 185 АҚШ долларын құра­ды, соның 154 980-ін жарыс жеңімпазы иеленді. Сонымен қатар Александр АТР рейтин­гінде үш сатыға жоғарылап, 16-орынға тұрақтады. Бұл оның жеке рекорды. Сөйтіп, отандасымыз биылғы маусымдағы бесін­ші титулына қол жеткізді. Бұ­ған дейін Бублик Турин (Ита­лия), Халле (Германия), Гштаад ­(Швей­цария), Кицбюэльдегі (Аус­трия) жарыс­тарда бас жүл­дені олжалады.

Ел теннисіне қатысты тағы бір жағымды жаңалық: Филиппин­де 14 жасқа дейінгі ойыншылар арасында өткен Азия чемпионатында Ясмин Дүйсембаева қола медальды еншіледі. Осы та­бы­сы­ның арқасында оған жыл са­йын­ дәстүрлі түрде өтіп тұра­тын «Elite Junior Trophy 14 & Under» жарысына жол ашылды.

Соңғы жаңалықтар

Семей-Астана тасжолы тазаланды

«Таза Қазақстан» • Кеше

Жылумен қамту - жауапты міндет

Жұмысшы мамандықтар жылы • Кеше

Алматыда дәмхана өртенді

Төтенше жағдай • Кеше