
Сурет: olympic.kz
АТР рейтингінде 19-орында тұрған жерлесіміз алғашқы айналымдарда чехиялық Далибор Сврчина (6:1, 6:1) мен аустралиялық Александр Вукичті (6:7, 6:4, 6:4) ұтты. Жартылай финалда қытайлық Ибин Вуды (6:3, 6:3) жеңді. Финалда франциялық Валентен Руайемен күш сынасты. Өте шиеленісті бәсекенің екі сеті де тай-брейкке ұласты. Екі ретінде де Александр алғырлық танытып, 7:6, 7:6 есебімен жеңіске жетті.
Турнирдің жүлде қоры 1 019 185 АҚШ долларын құрады, соның 154 980-ін жарыс жеңімпазы иеленді. Сонымен қатар Александр АТР рейтингінде үш сатыға жоғарылап, 16-орынға тұрақтады. Бұл оның жеке рекорды. Сөйтіп, отандасымыз биылғы маусымдағы бесінші титулына қол жеткізді. Бұған дейін Бублик Турин (Италия), Халле (Германия), Гштаад (Швейцария), Кицбюэльдегі (Аустрия) жарыстарда бас жүлдені олжалады.
Ел теннисіне қатысты тағы бір жағымды жаңалық: Филиппинде 14 жасқа дейінгі ойыншылар арасында өткен Азия чемпионатында Ясмин Дүйсембаева қола медальды еншіледі. Осы табысының арқасында оған жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп тұратын «Elite Junior Trophy 14 & Under» жарысына жол ашылды.