Оқиға • 25 Қыркүйек, 2025

Енді электронды сауда тауарлары декларацияланады

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат Қазақстан Республикасының «2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңын қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Енді электронды сауда тауарлары декларацияланады

Фото: Ашық дереккөз

Депутат Бекбол Орынбасаровтың айтуынша, Хаттама 2023 жылғы 25 желтоқсанда Санкт-Петербургте ЕАЭО мемлекеттері басшыларының қол қоюымен бекітілген. Құжаттың негізгі мақсаты – сыртқы электронды сауданы құқықтық тұрғыдан реттеу. Бұл бағыт соңғы жылдары тұрақты өсім көрсетіп отыр: тек 2024 жылдың өзінде Қазақстандағы электронды сауда көлемі 3,2 трлн теңгеге жеткен.

Хаттама ЕАЭО-ға мүше барлық мемлекеттер – Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Армения тарапынан ратификацияланды.

Құжатта электрондық сауда тауарларын жеткізуді жүзеге асыратын пошта операторы — «электронды сауда операторы» ұғымын енгізу қарастырылған. Сондай-ақ кедендік декларацияның жаңа түрін — электрондық сауда декларациясын енгізе отырып, электронды сауда тауарларының барлық көлемін кедендік декларациялау көзделген.

Қазіргі ережелер бойынша, шетелден жеке тұлғаларға келетін тауарлар тек 200 еуро немесе 31 кг-нан асқан жағдайда ғана декларацияланады. Мұндайда алушы өзі құжат рәсімдеп, 15% кедендік төлем төлейді. Ал белгіленген шектен төмен тауарлар есепке алынбайды. Жаңа талаптарға сәйкес, енді барлық тауарлар декларацияланады. Бұл статистиканы нақты жүргізуге мүмкіндік береді. Декларацияны оператор да, тауар алушы да толтыра алады.

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда базардағы сауда орны өртенді

Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Өндіріс • 08 Қараша, 2025

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Экономика • 08 Қараша, 2025

Елге сенімі жоғары

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Ұстаз • 08 Қараша, 2025

Мұратану мұраты

Ғылым • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

Карбон полигонының мүмкіндігі зор

Шаруашылық • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Театр • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025