
Фото: Оңалхан Өнерхан
Инвестицияның басты көзі кәсіпорындардың өз қаражаты болып отыр. Бұл сома - 7 320,3 млрд теңге.
Бюджет қаражаты 23% құрап, өткен жылмен салыстырғанда 42,6% артқан. Банктердің қаржыландыру үлесі – 3,5 пайызды көрсеткен.
Өңірлер арасында инвестицияның ең жоғарғы көрсеткіші 49,3 пайызбен Ақмола облысы тіркеген, Актөбе облысында (38,7%), Астана қаласында (35,8%), Жамбыл облысында (32,4%) және Алматы қаласында (26,1%) байқалған.
Инвестициялық қаражаттың басым 68,3% ғимараттар мен құрылыстардың салынуына және күрделі жөндеуіне бағытталған. Машиналар, жабдықтар және көлік құралдарын алуға жалпы шығынның 27,2% жұмсалған.
Салалар бойынша негізгі капиталға салынған инвестицияның ең көп үлесі өнеркәсіпке (37,3%) тиесілі (оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді игеру – 15,7%, өңдеу өнеркәсібі – 11%), одан бөлек жылжымайтын мүлік операциялары (19,4%), көлік және қойма (18%), білім беру саласы (7,3%) да айтарлықтай үлеске ие.