Әлем • 25 Қыркүйек, 2025

Ұлыбританиядағы өнеркәсіп аймағындағы қоймада жарылыс болды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлыбританияның Уилтшир графтығында төтенше жағдай орын алды. Суиндон қаласының өнеркәсіптік аймағында орналасқан қоймада күшті жарылыс болып, артынша алапат өрт тұтанған. Қазір оқиға орнында шұғыл қызметтердің күшейтілген тобы жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Sky News-ке сілтеме жасап.

Ұлыбританиядағы өнеркәсіп аймағындағы қоймада жарылыс болды

Фото: Sky News

Полиция таратқан ресми ақпаратқа сай, қоймаға жақын аудандардағы тұрғындар қауіпсіз аймаққа көшіріліп жатыр. Ал көршілес кварталдарға эвакуация жасалмайды. Дегенмен құқық қорғау органдары халыққа үйлерінен шықпауға, терезелерін жабуға және апат аймағына бармауға кеңес берген.

Өрт сөндіру қызметі 10-нан астам арнайы техниканы жұмылдырған. Олардың қатарында биік ғимараттарға арналған автосатылар мен су таситын машиналар бар. Құтқарушылар өртті ауыздықтауға тырысып жатыр.

Әлеуметтік желілерде тараған ақпараттарға сәйкес, жарылыстың қатты дүмпуі қаланың көптеген бөлігінде сезілген.

Қазіргі таңда жарылыстың неден шыққаны анықталып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда базардағы сауда орны өртенді

Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Өндіріс • 08 Қараша, 2025

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Экономика • 08 Қараша, 2025

Елге сенімі жоғары

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Ұстаз • 08 Қараша, 2025

Мұратану мұраты

Ғылым • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

Карбон полигонының мүмкіндігі зор

Шаруашылық • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Театр • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025