Аймақтар • Бүгін, 07:55

Жетісудағы жаңа саябақ

30 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Талдықорған қаласы жыл сайын көркейіп, жа­ңарып келеді. Қала күні қарсаңында тұр­ғындарға ерекше тарту жасалып, «Құлагер» шағын ауданында аумағы 1,2 гектар болатын жаңа саябақ пайдалануға берілді. Бұл – «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарла­масы аясында жүзеге асқан маңызды жоба.

Жетісудағы жаңа саябақ

Жаңа саябақ – өңір тұрғындарының демалыс пен бос уақытын тиімді өткізуіне арналған жаңа мәдени-әлеуметтік кеңістік. Мұнда автоматты суару жүйесі ор­натылып, әсем газон төсел­ген. Балалар үшін арнайы ойын алаңы, «workout» ай­мағы, шағын футбол алаңы, веложол және жаяу жүргін­шілерге арналған жолдар қа­растырылған. Сонымен бірге демалыс орындықтары мен заманауи жарық шамдары орнатылып, саябақ түнгі уақытта да жайлы әрі қауіпсіз болмақ.

«Ең басты жаңалықтың бірі – қалада тұңғыш рет орнатылған ерекше ойын кешені. Декоративті элемент­тері бар алып «Фрегат» кеме түріндегі балалар алаңы бал­дырғандардың қиялын ша­рық­татып, олардың ойынына жаңа серпін береді. Күз айын­да саябақ аумағына өңірдің табиғатына бейімделген 200-ден астам жапырақты және қылқан жапырақты ағаш отыр­ғызамыз. Бұл жасыл желек болашақта сая­бақты нағыз тыныс алатын аймаққа айналдырмақ», дейді қала әкімі Ернат Бәзіл.

рег

Кейінгі жылдары Талды­қорғанда абаттандыру мен көгалдандыруға айрықша көңіл бөлінді. Биыл­дың өзін­де бірнеше ауқымды жоба жүзеге асып отыр. Қараша айында «Бір­лік» шағын ауданында жаңа гүлзар құрылы­сы аяқ­талып, пайдалануға бе­ріледі. Сонымен қатар «Жастар» сая­бағы қайта жаңғыртылып, «Жеңіс» сая­бағының кіреберіс стелласы жөнделіп жатыр. Ал қаланың ең көрнекті орын­дарының бірі – орталық сая­баққа Қабанбай батыр көшесі жағынан жаңа сәулетті арка орнатылмақ.

Бұл жұмыстың барлығы Талдықорғанның көркін ашып қана қоймай, тұр­ғындардың бос уақытын мәдениетті әрі жайлы өткі­зуіне мүмкіндік береді.

 

Жетісу облысы