Энергетика министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта 3 энергоблокта жөндеу жұмыстары қолға алынған. Сонымен қатар 12 қазандық жөнделіп жатыр, олардың біреуіндегі жұмыстар аяқталған. Бір турбинаның жөндеуі аяқталып, тағы 5 турбинада жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Қалған нысандардағы жөндеу жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес кезең-кезеңімен жүзеге асырылмақ.
Теміртаудың бірнеше шағын ауданында көп жылдан бері алғаш рет жылыту маусымы апатсыз өтті
Жүргізіліп жатқан шаралар энергетикалық жабдықтардың сенімді әрі үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге, сондай-ақ алдағы жылыту маусымында халықты тұрақты жылумен жабдықтауға бағытталған.
Нұрболат АМАНБЕК