Спорт • Бүгін, 10:40

Әмір Маймұратов әлем чемпионатын жүлдесіз аяқтады

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Спорттық құзға өрмелеуден ел құрамасының өкілі Әмір Маймұратов жаһан біріншілігінің ширек финалына шыға алмады, деп жазады Egemen.kz.

Әмір Маймұратов әлем чемпионатын жүлдесіз аяқтады

Фото: olympic.kz

Сеулде өтіп жатқан сайыста қазақстандық спортшы іріктеу кезеңін 15-ші нәтижемен аяқтап, әлем біріншілігінің плей-оффына жолдама алған еді.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, 1/8 финалда Әмір АҚШ өкілі Самуэль Уотсонмен кездескен. Отандасымыз сайыс барысында құлап қалып, мәреге жеткен Самуэль Уотсон келесі кезеңге жолдама алды.