Аламан бәйгеге 18 команда қатысты. Торғай, Қызбел, Бидайық, Арқалық аралығындағы 500 шақырымды бес күн ішінде басып өткен Қырғызстан құрама командасының сәйгүліктері бірінші болып мәреге жетті. Жүлделі екінші орын Ақтөбе облысының еншісінде, ал Қостанай облысының командасы үшінші орынға ие болды.
Марафон-бәйгенің қорытындысы Арқалық қаласында өткен салтанатты жиында жария етілді. Жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне қатысқан облыс әкімі Құмар Ақсақалов ұлы бәйгені келесі жылы Арқалықта, қаланың 70 жылдығына орай өткізуді ұсынды.
Қостанай облысы