Руханият • 27 Қыркүйек, 2025

ЖИ арқылы дайындалған ертегілер

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Jaqmbyl» телеарнасы елімізде алғашқылардың бірі болып жасанды интеллект арқылы қазақ ертегілерінен мультфильм дайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.

ЖИ арқылы дайындалған ертегілер

Телеарна басшысылығы ұйымдастырған жабық көрсетілімге облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров, басқарма басшылары, БАҚ өкілдері, телеарна ұжымы және мектеп оқушылары қатысты.

ЖИ арқылы жасалған мультфильмдердің жалпы саны – 12, ұзақтығы – 20 минут ты құрайды. Топтамаға «Қарлығаш пен дәуіт», «Ақылды шыбын мен жалқау аю», «Түлкі мен тырна» сияқты танымал қазақ ертегілері енгізілген. 

 «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында цифрландыру мен жасанды интеллектіні барлық салаға енгізудің маңыздылығын атап өткен болатын. 

 Осы міндетті басшылыққа ала отырып, «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының құрамындағы «Jambyl» телеарнасы 1 қарашадан бастап 36-маусымын бастайды. Елімізде алғаш рет ЖИ көмегімен дайындалған бұл туындылардың көрерменге жол тартуына облыс әкімдігі қолдау көрсетті. Ал олардың дыбысталуына корпорация құрамындағы «Балапан» телеарнасы атсалысты» – дейді телеарна директоры Гүлбаршын Құланбаева.

 Мультфильмдер топтамасы тек телеарна эфирінде ғана емес, сондай-ақ «Әжемнің әңгімесі» өңірлік жобасы аясында балабақша тәрбиеленушілеріне де ұсынылмақ.

Тараз.