
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін, тиісті заңнаманың бұзылуын алдын алу мақсатында қала аумағындағы мемлекеттік органдарға әдістемелік көмек көрсете отырып, заң бұзушылық анықталған жағдайда нұсқама беріледі және қайта болдырмау мақсатында ұсыныстар жолдайды. Осылайша, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау шеңберінде департаментпен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдарында жоспарлы және жоспардан тыс тексеру іс-шаралары жүзеге асырылады. Нәтижесінде, бұзушылықтар анықталып, оларды жою бойынша ұсыныстар енгізіледі.
Сондай-ақ департамент азаматтардан түскен арыз-шағымдарды қарап, оның ішінде егер де шағым негізді болса, азаматтардың құқықтарын қалпына келтіру бойынша жұмыстарды да әрдайым жүзеге асырады. Мәселен, мемлекеттік қызмет көрсету сапасына байланысты жыл басынан департаментке жеке және заңды тұлғалардан 190-нан аса шағым келіп түсті. Олардың ішіндегі негізделген өтініштер қанағаттандырылып, нәтижесінде 21 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді. Осы орайда қызметін тиісті дәрежеде атқармаған 17 қызметкер тәртіптік, 10 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 511 160 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.
Оған қоса «ИС INDIGO электрондық балабақша» ақпараттық жүйесінде жүргізілген мониторинг нәтижесінде, 135 азаматтың құқығы қорғалды. Яғни мектепке дейінгі жастағы балаларды мектепке дейінгі білім ұйымдарына жіберу кезегі қалпына келтірілді.
Мемлекет пен қоғам арасындағы қарым қатынасты күшейту мақсатында департамент жанында құрылған ведомствоаралық жұмыс тобының отырыстары өткізіліп, онда қоғам өкілдерімен бірлесіп мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және анықталған кемшіліктерді жою бойынша тиісті мекемелер мен ұйымдарға ұсыныс берілді.
Департамент бақылау функцияларынан басқа мемлекеттік қызмет көрсету заңнамасының бұзылуын алдын алу үшін тұрақты түрде ақпараттық түсіндірме іс-шараларды ұйымдастырады. Мәселен, халыққа мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру мақсатында «Қызмет алушылар күні», мемлекеттік қызмет көрсететін қызметкерлерге арналған «Қызмет беруші мектебі», мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің азаматтарға сапалы қызмет көрсетуін жетілдіру үшін «Ең алдымен адамдар» бағдарламалық оқытулары өткізіледі.
Сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету жөніндегі функцияларды іске асыру шеңберінде нормативтік құқықтық актілерді жетілдіруді талап ететін мәселелер де анықталады.
Осы орайда департамент мемлекеттік қызметтерді көрсету кезіндегі сервистік үдерістерді автоматтандыру, мемлекеттік қызметтерді көрсетудің тәсілін іске асыру бойынша тұрақты түрде ұсыныстар әзірлейді және мемлекеттік қызметтердің сапасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттану деңгейінің төмендеуіне әсер ететін факторларға тұрақты түрде талдау жүргізіп отырады. Мәселен, мемлекеттік қызметтерді көрсетуді реттейтін нормативтік құқықтық актілерді талдау барысында «E-gov» электрондық үкімет порталында кейбір қызметтер портал инфрақұрылымына интеграцияланбағаны анықталып жатады. Осы негізде ақпараттық жүйелерді портал арқылы қолжетімділікке жеткізу бойынша да іс-шараларды департамент уақтылы қабылдайды.
Сонымен қатар әлеуметтік сұранысқа ие қызметтермен қатар бизнес, инвестиция, субсидия және мемлекеттік қолдаудың өзге де шараларын дамытуға, оңтайландыруға бағытталған мемлекеттік функциялар мен қызметтерді бюрократияландыру бойынша жұмыстардың да жүргізіліп жатқанын атап өткен жөн.
Департамент мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында жеке және заңды тұлғалардың құқықтарының сақталуын алдағы уақытта да жіті бақылауда ұстайды. Егер де мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде құқық бұзылса, азаматтар департаментке жазбаша немесе «электронды үкімет» веб-порталы немесе, «E-otinish» платформасы арқылы электронды түрде, сондай-ақ «EgovKzBot 2.0» телеграм-бот «Уәкілетті органға өтініш» батырмасы арқылы жүгіне алады.
Ербол ЖОЛДАНҒАР,
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы