
Аймақ толықтай көгалдандырылған, сәндік ағаштар мен көпжылдық өсімдіктер отырғызылған. Орындықтар, әткеншектер мен ландшафтық элементтер көңіл тоғайтады. Кеңістік экологиялық, функционалдық және эстетикалық талаптарға сай жасақталуымен ерекшеленеді.
Мұнда «Өмір ағашы» атты арт-нысан айрықша көз тартады. Ол «Алтын Адам» киім үлгілерінің элементтері бейнеленген тас құрылым түрінде орындалған. Қасында осы бейнелердің тарихи маңызын баяндайтын QR-код орнатылған.
Жаңа алаңқайда жаяу жүргінші жолдары, фотоаймақтар, қоршау мен аркалық құрылымдар қарастырылған. Арнайы әзірленген тұжырымдамаға сәйкес, бұл кеңістік жай ғана демалыс орны емес, отбасылық серуен мен мәдени демалыстың мекеніне айналары анық.
Алматы облысы