Байқау • Бүгін, 08:12

Денис Теннің мемориал-турнирі

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы «Халық аренада» мәнерлеп сырғанаудан Олимпия ойындары мен әлем чемпионатының күміс, қола жүлдегері, Азия ойындары мен Дүниежүзілік Универсиаданың жеңімпазы Денис Тенді еске алуға арналған халықаралық турнир басталды.

Денис Теннің мемориал-турнирі

Жарыста ерлер мен әйелдер арасындағы жекелей сайыс пен мұздағы биден медальдар жи­ынтығы сарапқа салынады. Шетелдік бірқатар белді спорт­шы өнер көрсетеді. Еліміздің намысын қорғайтын мәнерлеп сыр­ғанаушылар арасындағы ең атақ­тысы Михаил Шайдоров. 21 жастағы алматылық сайыпқыран биыл үш бірдей байрақты бәсекеде жеңіс тұғырынан көрінді. «Төрт құрлық біріншілігінде» алтын, әлем чемпионатында күміс, Азия ойындарында қола медаль олжалады. Ерлер жарысында Шайдоровтан бөлек, Диас Жиренбаев, Никита Кривошеев, Олег Мельников бақ сынайды.

Әйелдер арасындағы ең үздік спортшымыз София Самоделкина жарақатына байланыс­ты Денис Тен мемориалына қатыса алмайтын болды. Оның орнын София Фарафонова, Әмира Ирматова, Вероника Кова­ленко, Нұрия Сүлеймен, Әмина Алексеева, Карина Ысқақова, Руса­лина Шәкірова сынды арулар басты. Мұздағы биде талай дүбірлі дүрмекте ысылған Бойсангур Датиев пен Гауһар Наурызова жұбы өнерлерін ортаға салады.