Заң мен Тәртіп • Бүгін, 16:45

Елордада «Заң мен тәртіп» фотокөрмесі өтті

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада ішкі істер органдары қызметкерлеріне арналып ұйымдастырылған «Заң мен тәртіп» фотокөрмесінде полиция қызметінің сан қырын көрсететін ерекше суреттер қойылды, деп жазады Egemen.kz.

Елордада «Заң мен тәртіп» фотокөрмесі өтті

Фото: ІІМ

Қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жедел іс-шаралар мен халықпен күнделікті қарым-қатынас сәттері бейнеленген фотокөрмеде полиция қызметкерлері әр фотосуретті түсіндіріп, нақты жағдайда қалай түсірілгенін де баяндады.

Ерлік көрсеткен тәртіп сақшыларының оқиғалары да әңгімеленіп, олардың батылдығы мен адалдығы көрермендерге үлгі ретінде ұсынылды.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше көрменің басты мақсаты – полиция қызметінің көпқырлығын көрсету, заңға адал қызмет етудің маңызын жеткізу және халық пен тәртіп сақшылары арасындағы сенімді нығайту. Көрме қонақтары батылдық пен жауапкершіліктің шынайы сәттерін тамашалап, полиция қызметкерлерінің жұмысына жақынырақ көз жеткізе алды.