Спорт • Бүгін, 21:18

Қазақстан кубогінде Швейцарияның төрешілері қазылық етеді

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

4 қазанда Қызылордадағы «Қайсар Аренада» футболдан Қазақстан кубогының финалы өтеді, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстан кубогінде Швейцарияның төрешілері қазылық етеді

Бас жүлде үшін Шымкенттің «Ордабасысы» мен Қостайдың «Тобылы» шеберлік байқасады. Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) басшылары шешуші бәсекеге қазылық етуге шетелдік мамандары шақыртты. Олар – Свен Вольфенсбергер, Стефан Де Альмейда және Йонас Эрни. VAR жүйесіне Йоханнес фон Мандах жауапты. Олардың барлығы да – Швейцариядан.

Ал AVAR төрешісі мен қосалқы қазы міндетін Арман Исмуратов (Астана) мен Данил Горда (Көкшетау) атқарады.