Аймақтар • Бүгін, 08:03

Қосалқы станса энергия тапшылығынан құтқарады

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысындағы Сайын Шапағатов ауылында өңірлік электртораптық компаниясының жаңа қосалқы стансасы ашылды. Қосалқы станса 10 мыңға жуық тұрғыны бар, облыс орталығынан 30 шақырым қашықтықта орналасқан ауылды электр энергиясымен қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадам.

Қосалқы станса энергия тапшылығынан құтқарады

Инвестициялық бағдарла­ма­ны іске асыру шеңберінде жүр­гізілген, құны 4 миллиард тең­геден асатын қосалқы стан­са құ­рылысында құрылыс-мон­таж жұмысы толығымен аяқта­лып, пайдалануға берілді. Жаңа стансада озық халықаралық стан­дарттарға сәйкес келетін заманға сай жабдықтар орнатылған.

– Жоба бойынша мұнда 2х10 МВА қуат трансформаторлары қарастырылған. Сондай-ақ жаңа нысанда «МӨЭК» АҚ өңірлік орталығының диспетчерлік қалқанына деректерді бере отырып, қосалқы стансаның мониторингі мен басқару жүйесі енгізілді. Бұл нақты уақыт ре­жімінде жедел ақпаратты, теле­өлшемдердің ағымдағы мән­­дерін, коммутациялық аппа­­раттардың жай-күйін көрсе­­туге, сондай-ақ желінің жағ­дайын бағалауды орын­дау­ға мүмкін­дік берсе, ал ол өз кезе­гінде электр қуатын бөлу мен тұтынудың нақты есебін жүр­­­гізуге мүмкіндік береді, – дейді «Маңғыстау өңірлік энер­го­комбинаты» АҚ даму және қамтамасыз ету жөніндегі бас­қар­ма төрағасы­ның пайдалану жөніндегі орынбасары Мұрат Иманов.

Сайын Шапағатов ауылының тұтынушыларын электрмен жабдықтауды «Ақшұқыр» ПС-110/10 кВ, «Әуежай» ПС-110/10 кВ екі қосалқы стансасы жүзеге асырады. Ауылда шағын және орта бизнес нысандары, жаңа тұрғын үйлер мен әлеуметтік  нысандардың ашылуына байланысты электр желілеріне түсетін жүктеменің артуы байқалды. Бұл жағдайлар «МӨЭК» АҚ-на жаңа қосалқы станса салу қажеттігін аңғартқан болатын. Нәтижесінде, кеше ғана халық игілігіне берілген қосалқы жаңа станса ашылды. Станса тұрғындар саны әлі де арта түсетін ауылға барынша қажетті нысандардың бірі.

 

Маңғыстау облысы