
Қаржы мониторингі агенттігінің цифрлық активтерді заңсыз өндіруге қарсы жүйелі жұмыстар жүргізуінің нәтижесінде. 2024 жылдың басынан бері жалпы 1,3 млрд теңгеге залал келтірген 17 қылмыстық іс тіркелген. Ең жиі анықталған заңсыз майнинг фермалары Астана қаласында (6), Шымкент пен Қостанайда (3 жағдайдан) тіркелген.
Аталған істер аясында 642 мың доллар көлеміндегі цифрлық активтер тәркіленді. Кейбір заңсыз майнинг фермалары электр энергиясын ұрлау арқылы жұмыс істеген (5 ферма). Олардың тұтынған энергия көлемі ірі қаланың шығынына тең.
Мемлекеттік кірістер комитетінің дерегінше, соңғы үш жылда майнинг саласынан бюджетке 17 млрд теңгеден астам қаражат түскен. Бұл салаға тиімді реттеу қажеттігін көрсетеді.
Агенттік Қазақстанда майнингпен айналысу тек лицензия болған жағдайда ғана рұқсат етілетінін айтады.