Спорт • Бүгін, 11:38

Қазақстандық спортшы UFC-дегі соңғы жекпе-жегін өткізеді

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Веретенников пен Сориано арасындағы жекпе-жек бүгін түнде Лас-Вегастағы "Ти-Мобайл Аренада" өтеді, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстандық спортшы UFC-дегі соңғы жекпе-жегін өткізеді

4-қазаннан 5-қазанға қараған түні АҚШ-тың Невада штаты, Лас-Вегас қаласында UFC ұйымының кезекті турнирі – UFC 320 өтеді. Турнир аясында барлығы 14 жекпе-жек жоспарланған. Оның бесеуі – басты кард.

Кездесулер Қазақстан уақытымен 03:00-де басталады. Негізгі жекпе-жектер 05:00-де, ал басты кард 07:00-де өтеді.

Аталған турнирде қазақстандық жартылай орта салмақтағы спортшы Николай Веретенников (13-6) UFC-дегі төртінші жекпе-жегін өткізеді. Оның қарсыласы – 32 жастағы америкалық спортшы Пунахеле Сориано (11-4).

Веретенников UFC-де 1 жеңіс және 2 жеңіліс нәтижесін тіркеген. Соңғы кездесуінде ол жеңіске жетті. Сорианоның көрсеткіші – 5 жеңіс, 4 жеңіліс, қазіргі уақытта ол екі кездесуде қатарынан жеңіске жетіп отыр. Бұл жекпе-жек Веретенников үшін ұйымдағы келісімшарт бойынша соңғы айқас болмақ.

Спортшылар октагонға үшінші болып шығады. Жекпе-жек Қазақстан уақытымен шамамен 03:40-тен кейін басталады.

Басты жекпе-жекте жартылай ауыр салмақтағы ресейлік чемпион Магомед Анкалаев (20-1-1-1) пен бұрынғы белбеу иегері, бразилиялық Алекс Перейра (12-3) арасындағы қарымта кездесу өтеді.