Экология • Бүгін, 10:35

Жетісу облысында жер сілкінді

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдан 210 шақырым жерде жер сілкінді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жетісу облысында жер сілкінді

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «Сейсмологиялық зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2025 жылдың 4 қазанында, Астана уақытымен сағат 17:42-де жер сілкінісін тіркеді.

Сейсмикалық дүмпудің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай шамамен 209 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісі Жетісу облысының бірнеше елді мекенінде сезілген:

Текелі қаласында – 2 балл,

Ескелді ауданындағы Қарабұлақ ауылында – 2 балл.

Қирау мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.