Оқиға • Бүгін, 11:50

Қырғызстан аумағында жер сілкінді

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қырғызстанның оңтүстігінде жергілікті уақыт бойынша сағат 02:29-да 6 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қырғызстан аумағында жер сілкінді

Фото: Ашық дереккөз

Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология институтының мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Талас жотасының аумағында, Чакмак-Суу ауылынан солтүстік-батысқа қарай 23 шақырымда, Башкы-Туш ауылынан солтүстікке қарай 25 шақырымда және Талас қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 85 шақырымда орналасқан.

Жер сілкінісінің күші:

  • Чакмак-Суу ауылдарында – 5,5 балл;
  • Башқы-Терек – 5 балл;
  • Қара-Сай, Кек-Сай, Шекер, Қайнар, Шоң-Қара-Буура, Бақай-Ата – 4,5 балл;
  • Таласта – 4 балл.

Төтенше жағдайлар министрлігі қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпараттың әзірге түспегенін айтты.