
Фото: ҚФФ
Ұлттық құрама ойыншылары «Астана арена» стадионында Лихтенштейн құрамасын қабылдайды. Осы және алдағы Солтүстік Македонияға қарсы матчтарға команданы Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері міндетін уақытша атқарушы Талғат Байсуфинов дайындайды.
Қазақстан футбол федерациясының мәліметінше, ұлттық құрама сапында доп тебуге 38 ойыншы шақырылған:
Қақпашылар: Мұхаммеджан Сейсен («Астана»), Стас Покатилов («Сабах», Әзербайжан), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Қажымұқан Төлепберген («Оқжетпес»);
Қорғаушылар: Әлібек Қасым («Ақтөбе»), Ян Вороговский («Астана»), Сергей Малый, Сұлтанбек Астанов, Сағадат Тұрсынбай (бәрі – «Ордабасы»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Әділбек Жұмаханов («Елімай»), Александр Зуев, Наурызбек Жагоров (екеуі де – «Тобыл»), Бағдат Қайыров («Ақтөбе»), Еркін Тапалов, Александр Мрынский (екеуі де – «Қайрат»).
Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов, Алмас Төлібай, Ғалымжан Кенжебек (бәрі – «Елімай»), Муроджон Халматов, Эльхан Астанов (екеуі де – «Ордабасы»), Дамир Қасабулат («Қайрат»), Георгий Жуков («Ақтөбе»), Бактиер Зайнутдинов («Динамо Мәскеу», Ресей), Исламбек Қуат, Дінмұхамед Қараман (екеуі де – «Жеңіс»), Серікжан Мужиков, Дәурен Жұмат (екеуі де – «Оқжетпес»), Айбол Әбікен («Қайсар»), Ислам Чесноков («Тобыл»).
Шабуылшылар: Оралхан Өміртаев («Ақтөбе»), Максим Самородов («Ахмат», Ресей), Дастан Сатпаев («Қайрат»), Айбар Жақсылықов («Қайсар»), Алияр Мұхаммед («Оқжетпес»), Иван Свиридов («Елімай»), Рамазан Кәрімов («Астана»), Артур Шушеначев («Ақтөбе»).
Айта кетейік, бұған дейін құраманы жаттықтырған Әли Әлиев іріктеу аясында шәкірттері Бельгиядан 6: 0 есебімен жеңілгеннен кейін қызметінен кетті. Федерация ұлттық құраманың жаңа бас бапкері қызметіне үміткер үш шетелдік маман барын мәлімдеп отыр.