Аймақтар • Бүгін, 12:05

Қарағандыда елік атқандар ұсталды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысында табиғатты қорғау полициясы мен «Карохотрыбпром» ЖШС аңшы инспекторлары түнгі рейд кезінде заңсыз аңшылық фактісін тіркеді. Түнгі сағат 2 шамасында елік атқан 48 және 40 жастағы екі қала тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағандыда елік атқандар ұсталды

Тексеру барысында олардың тек бір лицензия рәсімдеп, оны тіркетпегені анықталды. Табиғатты қорғау полициясы қызметкерлерінің айтуынша, бұл – аңшылық ережелерін өрескел бұзу болып саналады.

Оқиға орнынан екі еліктің тушасы, бір ұңғылы мылтық және бірнеше патрон айғақ зат ретінде тәркіленді. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.