ПЕТРОПАВЛ. 8 мамыр. “Самұрық-Қазына-Инвест”, “Қазинтертехсервис” ЖШС-лерінің және Финляндияның “Sampo Rosenlew Ltd”, Польшаның “Pronar SP.z.o.o.” компанияларының өкілдері былтыр Қызылжар өңірінде болған жұмыс сапарында ауыл шаруашылығы және коммуналдық техникалар шығаратын бірлескен кәсіпорын ашу жөнінде облыстық әкімдікпен мәмілеге келген болатын. Осы келісімге орай құрылған “ҚазТехМаш” кәсіпорнына 1,9 миллиард теңге инвестиция тарту жоспарланған. Бұл туралы индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшылығы хабарлады.
«ҚазТехМаш» ЖШС-і бұрынғы шағын литражды қозғалтқыштар зауыты ғимаратына орналасып, өндіріс орын жасақтауға кіріскен. Оның директоры Сәбит Шәкеновтың айтуынша, серпінді жоба индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының екінші бесжылдығының Индустрияландыру картасына енгізілген. Бүгінде жалпы аумағы 7 мың шаршы метр болатын құрастыру цехы 3 желі орнатуға әзір. Қажетті жабдықтар мен қондырғылар шетелден жеткізілуде. Комбайн құрастыруға басшылық жасайтын 14 маман Финляндияның “Sampo Rosenlew Ltd”, Польшаның “Pronar SP.z.o.o.” компанияларында оқып, тәжірибеден өткен. Алғашқы кезде осы компаниялардың инженерлері серіктестік мамандарын озық технологиялардың қыр-сырына үйрететін болады.
«Инновациялық жобаның бірінші кезегінде дайын бөлшектерден комбайндар құрастырумен айналысып, отандық үлесті арттыруға біртіндеп көшеміз. Зауыт толық қуатында жұмыс істеген кезде жылына 400 комбайн, 500 трактор, 1200 коммуналдық техника шығаратын боламыз. 168 адам жұмыспен қамтылады. Несиенің сыйақы ставкасы “Бизнестің жол картасы – 2020” мемлекеттік бағдарламасы аясында қаржыландырылады. Алғашқы комбайндар биыл шығарылады», дейді Сәбит Шәкенұлы.
Өмір Есқали.
Дерек: индустриялдық-инновациялық даму басқармасы.
Сурет: egemen.kz

Алимент өндіру ісі: Алматыда сот орындаушысы 4,2 млн теңгені заңсыз иемденген
Оқиға • Бүгін, 19:56
Туған жер құрметінен қанаттанып…
Әдебиет • Бүгін, 19:26
Робототехника додасы: Қазақстан оқушылары екі бірдей басты марапатқа ие болды
Технология • Бүгін, 18:53
Мемлекет басшысы мен Израиль Президенті шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 18:23
1 шілдеден бастап ипотека кімдерге берілмейді?
Ипотека • Бүгін, 18:05
Әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты: 19 команда басты жүлдеге таласады
Футбол • Бүгін, 17:48
Алматыда «Бір аспан астында» халықаралық заманауи өнер көрмесі ашылды
Көрме • Бүгін, 17:27
Ақордада Израиль Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
Оқиға • Бүгін, 17:25
Қазақстан жұмыртқа импортына шектеу қойды: Нарықта отандық өнім үлесі артты
Экспорт • Бүгін, 17:11
Блогер Ерболат Жанабылов пен жұбайына қатысты сот үкімі шықты
Оқиға • Бүгін, 16:58
Threads-те желтоқсаншыларды тілдеген әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 16:47
ҰБТ нәтижесі жеткіліксіз: Болашақ мұғалімдер үшін қосымша емтихан енгізіледі
Білім • Бүгін, 16:36
Алматы метросын салу кезінде ұрланған 127 млн теңге мемлекетке қайтарылды
Қоғам • Бүгін, 16:33
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз әрі сапалы өтуі тиіс
Қоғам • Бүгін, 16:16