Заң мен Тәртіп • Бүгін, 14:59

Онлайн-казиноны жарнамалаған блогерлерге қылмыстық жаза енгізілуі мүмкін

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде онлайн-казино жарнамалаған блогерлер енді қылмыстық жауапкершілікке тартылмақ. Мұндай ұсынысты Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Қайрат Бижанов Үкімет отырысында айтты, деп жазады Egemen.kz.

Онлайн-казиноны жарнамалаған блогерлерге қылмыстық жаза енгізілуі мүмкін

Фото: pixabay.com

Оның сөзінше, кейінгі уақытта әлеуметтік желілерде онлайн-казино мен басқа да құмар ойындардың жарнамасы көбейіп кеткен. Бұл жағдай халықтың, әсіресе жастардың ойынқұмарлыққа тәуелді болу қаупін күшейтіп отыр.

«Онлайн-казиноны жарнамалаған блогерлер саны күннен күнге артып келеді. Көпшілігі заңды білсе де, оны елемейді. Қолданыстағы әкімшілік айыппұлдар олардың табысына шаққанда өте аз. Сол себепті мұндай әрекеттерге қылмыстық жауапкершілік енгізу қажет деп санаймыз», деді Қ. Бижанов.

Агенттіктің мәліметінше, қазір 18 блогер әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ал барлығы 37 инфлюенсердің заңсыз жарнама жасағаны анықталған.

Айта кетейік, бұған дейін, тамыз айында да осындай деректер жарияланған еді. Сол кезде жыл басынан бері 34 блогердің онлайн-ойындарды жарнамалағаны белгілі болған. Олардың 11-і әкімшілік жазаға тартылып, қалған істер Мәдениет және ақпарат министрлігіне жолданған.