
Фото: Stadler
Заманауи вагондар Қарағанды, Тараз, Шымкент және Өскемен бағыттарында сынақтан өткізілген. Тексеру барысында вагондардың тежеу жүйесі, жүріс бөлігінің орнықтылығы және қауіпсіздік жүйелері оң нәтиже көрсеткен.
40 жылға дейін қызмет көрсетуге жарамды заманауи вагон купелерде жеке климат-бақылау жүйесі, розеткалар мен USB-порттар, жолсерікті шақыру батырмасы, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған тактильді белгілер қарастырылған.
2025 жылдың соңына дейін зауыт Ұлттық тасымалдаушыға алғашқы партияны тапсыруды жоспарлап отыр.
2030 жылға дейін 557 жаңа вагон пайдалануға беріліп, компанияның вагон паркі 100%-ға жаңартылады. 2026 жылдан бастап Stadler пойыздары № 3/4 «Астана-Алматы», № 353/354 «Астана-Семей», № 85/86 «Астана-Шымкент», № 47/48 «Астана-Атырау» бағыттарына шығарылады.