Спорт • Бүгін, 10:56

Отандастарымыз әртістік жүзуден жұптық сайыста жүлде алды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ахмедабадта (Үндістан) су спорты түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында бүгін әртістік жүзуден соңғы сайыс күні, деп жазады Egemen.kz.

Отандастарымыз әртістік жүзуден жұптық сайыста жүлде алды

Фото: Qazsporttv

Әйелдер арасындағы еркін бағдарламада кезекті медальға қол жеткізген отандастарымыз Ясмин Тұяқова мен Даяна Джаманчалова. Олар жұптық сайыста 206.6363 ұпай жинап, Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Алтын медальді иеленгендер – Өзбекстаннан барған Хадиша Агзамова мен Сабина Махмудова (209.9784 ұпай). Ал 183.4671 ұпаймен үшінші орын алып, қола медаль жеңіп алғандар – Қытай спортшылары Сыи Чэнь мен Юйтун Цзян.