Қоғам • Бүгін, 11:50

Питер Фостер Air Astana компаниясындағы бас директор қызметінен кетеді

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Air Astana директорлар кеңесі компанияның бас атқарушы директоры Питер Фостер 2026 жылдың наурыз айының соңында өз лауазымынан кететінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz

Питер Фостер Air Astana компаниясындағы бас директор қызметінен кетеді

Питер Фостер Air Astana тобымен ынтымақтастығын жалғастырып, директорлар кеңесінің аға кеңесшісі қызметін атқарады.

Компания мәліметінше, қазіргі қаржы жөніндегі атқарушы директор Ибрахим Жанлыел осы кезеңде бас атқарушы директор лауазымына тағайындалады.

«Директорлар кеңесі Питер Фостерге компанияны басқарудағы 20 жылдық үздік жетістіктері үшін шынайы алғыс білдірді. Оның басшылығымен Air Astana қалыптасу кезеңінен бастап бүгінгі күні Қазақстан мен Орталық Азияның жетекші әуе компаниясына, сондай-ақ әлемдік авиация индустриясында брендке айналды», деді Air Astana АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Нұрлан Жақұпов.

Директорлар кеңесі Ибрахим Жанлыелдің бас атқарушы директор қызметіне тағайындалуын құптайды. Жанлыел мырза Air Astana тобының құрамында 2003 жылдан бері жұмыс істейді: алдымен коммерциялық бағыттарда жетекші қызметтер атқарып, кейін 2017 жылдан бастап қаржы жөніндегі атқарушы директор лауазымын иеленді.

«Оның компанияның дамуына қосқан үлесі зор, әрі ол топтың қызметінде де, жалпы авиация саласында да мол тәжірибе жинаған. Директорлар кеңесі Ибрахим Жанлыелдің басшылығымен компания одан әрі өсіп, жаңа жетістіктерге жететініне толық сенім білдіред», деді Нұрлан Жақұпов.

Air Astana-ның мәлімдеуінше, бұл шешім компанияның үздіксіз дамуы мен басшылықтағы сабақтастықты қамтамасыз ету мақсатында қабылданған.