Спорт • Бүгін, 08:12

Алан – қола жүлдегер

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытай астанасы Бейжіңде «China Youth Smash 2025» турнирі мәреге жетті. Жарыста 19 жасқа дейінгі ойын­шылар шеберлік байқасты.

Алан – қола жүлдегер

Сурет: olympic.kz

Бақ сынаушылардың қатарында жас­тар­дың әлемдік рей­тин­­гінде жоғары сатылар­ға жайғасқан Ким Гаон (Оңтүстік Корея, №3), Ли Сын­су (Оңтүстік Корея, №4), Рюсей Каваки (Жапония, №5), Ли Хэчэн (Қытай, №7), Чан Ю Ан (Тайпей, №10), Вен Жуйбо (Қытай, №11), Шунто Иваида (Жапония, №15), басқа да танымал спортшылар болды.

Еліміздің намысын Алан Құрманғалиев қор­ғады. Рейтингте 9-орында тұрған қандасымыз Тай­пей, Сингапур, Гонконг өкіл­дерімен бір топта өнер көр­сетті. Олардың барлығын сыпыра ұтып, ширек финалда жастар арасындағы әлем, Азия чемпионы Ли Хеченмен (Қытай) күш сынасты. Аса шиеленісті өткен­ сайыс 4:3 есебімен Құр­манғалиевтің пайдасына шешілді. Жартылай финалда Алан жастар арасында әлем бірін­шілігінің екі дүркін жеңім­пазы Вен Жуйбойға (Қытай) жол берді – 0:4. Сөйтіп, жарысты қола медальмен қорытындылады.