
Фото: dpcity.ru
Қазақстан чемпионы атану үшін еліміздің 20 өңірінен 371 боксшы бақ сынайды. Оның ішінде 246 ер, 125 әйел былғары қолғап шебері бар.
Ел біріншілігі World Boxing ұйымының салмақ дәрежелері бойынша ұйымдастырылады.
«Осы чемпионатта 2026 жылға құрама бекітіп алуымыз керек. Себебі келер жылы 4 жылда бір келетін Азия чемпионаты өтеді. Маңызды жарысқа жақсы құрама жасақтауды мақсат етіп отырмыз. Қазақстан чемпионатына әлем біріншілігінен жүлделі болған кей спортшылар қатыспайды», деді Қазақстан бокс федерациясының бас хатшысы Мерей Ақшалов.
Ал жастар, жасөспірімдер арасындағы біріншіліктер қазан, қараша, желтоқсан айларында өтеді.
Бокс бәсекесі Семейдегі Абай аренада өтеді. Арена бір мезетте 5000 көрерменді қабылдай алады.