24 қазанда Қытайдың Уси қаласында таеквондодан әлем чемпионатының жалауы желбірейді. Додада 180 мемлекеттен келген 900-ден аса даян шеберлері күш сынасады. Еліміздің намысын ерлер сайысында Бекзод Қадірқұлов (54 кг), Темірлан Тілеулес (58 кг), Самирхон Абабакиров (63 кг), Дамир Шүленов (68 кг), Бекасыл Ергеш (74 кг), Батырхан Төлеуғали (80 кг), Нұрлан Мырзабаев (87 кг), Бейбарыс Қаблан (87 кг), әйелдер бәсекесінде Айдана Құмартаева (46 кг), Нодира Ахмедова (49 кг), Әзиза Қаражанова (53 кг), Мария Севостьянова (57 кг), Айша Әділбекқызы (82 кг), Нұрай Құсайынова (67 кг), Назым Махмұтова (73 кг), Евгения Каимова (+73 кг) қорғайды.