Спорт • 10 Қазан, 2025

Азия чемпионатына аттанды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

11 қазанда Үндістанның Бхубанешвар қаласында үстел теннисінен Азия чемпионатының шымылдығы түріледі. Бұл жарыста еліміздің туы астында 10 ойыншы өнер көрсетеді.

Азия чемпионатына аттанды

Бұл біріншіліктің тұсауы 1952 жыл кесілді. Содан бері 27 жа­рыстың жалауы желбіреді. Дені Қытай құрамасының жарқын жеңісмен аяқталды. Олар 327,5 (135 алтын+84 күміс+108,5 қола) рет жеңіс тұғырына көтерілді. Екінші, үшінші орындарда Жа­пония (18+24+71,5) мен Оңтүстік Корея (14+28+53). Одан кейінгі сатыларға Солтүстік Корея (7+19+27), Гонконг (5+11+37,5), Үн­дістан (2,5+4+10), Тайпей (2+9+23), Син­гапур (1+7+9), Малай­зия (0+0+1), Вьетнам (0+0+1) жайғасты. 

Соңғы Азия чемпионаты бір жыл бұрын Алматыда ұйым­дастырылды. Жарыстың ерлер мен әйелдердің жекелеген сайы­сында Томакадзу Харимото (Жапония) мен Кум Ким Ен (Сол­түстік Корея) озды. Финалда олар Лин Шидун (Қытай) мен Мива Харимотоны (Жапония) ұтты. Жұптық жарыста Лим Чон Хун/Ан Дже Хен (Оңтүстік Корея) мен Сацуки Одо/Сакура Екой­дың (Жапония) екпініне ешкім шыдамады. Аралас жұптардың тартысында Ли Ши Донг пен ­Куай Мэннің (Қытай) мерейі үс­тем болды. Командалық бәсе­ке­де Қытайдың ойыншылары озды. Фи­налда олар Тайпейді тізе бүктірді.

Еліміздің спортшылары са­ры құрлықтың басты дода­сын­да жүлде алып көрген емес. Сол олқылықтың орнын толтыру мақсатында Үнді еліндегі жарысқа Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев, Айдос Кенжеғұлов, Ескендір Хар­ки, Санжар Жұбанов, Зәуреш Ақашева, Сарвиноз Мірқады­рова, Әнел Бақыт, Жанерке Көш­кімбаева, Альбина Жақсылықова сынды ойыншыларымыз аттанды.